Астанадағы ірі даңғылдардың біріндегі учаске ішінара жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада 16-19 маусым аралығында Ұлы Дала даңғылындағы учаске ішінара жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
16 маусымнан бастап елордадғы Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылының (А52) асфальт жабынын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бұл жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.
Осыған байланысты 16-19 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
"Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2388657-astanadagy-iri-danggyldardyng-birindegi-uchaske-ishinara-zhabylady/