jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін жігіт өлі табылды

Жолда тұрғанн полиция көлігі
Жолда тұрғанн полиция көлігі. Иллюстрациялық фото: Jaromir/Getty Images

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның нақты Қазақстан азаматы екенін белгілі бір процедуралардан кейін ғана растауға болады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның мәлімдеуінше, брифинг алдында америкалық тараптан ақпарат келіп түскен.

"Өкінішке қарай, брифингтің алдында бізге АҚШ-тан ақпарат келіп түсті. ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды", - деді Жетібаев.

Ол қазіргі уақытта АҚШ-тың құзырлы органдары марқұмның жеке басын анықтау үшін қажетті процедураларды жүргізіп жатқанын айтты. Бұл процедуралар аяқталғаннан кейін, табылған адамның Қазақстан азаматы екенін немесе ел азаматы еместігін растауға болады.

СІМ өкілі қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста екенін атап өтті.

Оларға қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Ол соңғы рет маусымның басында байланысқа шыққан, кейінірек полиция оның көлігін тапқан.

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін жігіт өлі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.