jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан Орталық Азияда ішімдікті ең көп тұтынатын ел деп танылды

Алкоголь
Көрнекі фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен World Population Review зерттеу платформасының рейтингі бойынша Қазақстан алкоголь тұтыну бойынша Орталық Азияда бірінші орынға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зерттеу деректеріне сәйкес, орта есеппен 15 жастан асқан Қазақстан тұрғыны жылына 5,4 литр таза алкоголь тұтынады. Бұл Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш:

  • Қырғызстан - 3,9 литр;
  • Өзбекстан - 2,1 литр;
  • Тәжікстан - 0,7 литр.

Қуанышқа орай, Қазақстан әлемдік рейтингте көш бастап тұрған жоқ. Еліміз шамамен тізімнің ортасында тұр және бұл көрсеткіш жан басына шаққанда жылына 10-14 литрден астам таза спирт тұтынатын Шығыс және Орталық Еуропа елдерінен айтарлықтай төмен.

Алкогольді ең көп ішетін 5 ел қатарында:

  • Румыния (17,1 литр),
  • Грузия (15,5 литр),
  • Латвия (14,7),
  • Молдова (14,1 литр)
  • Чехия (13,7 литр).

Алкоголь тұтыну деңгейі төмен елдер: Пәкістан, Мысыр, Иран, Сирия және Кувейт.

Қазақстан Орталық Азияда ішімдікті ең көп тұтынатын ел деп танылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.