Қорғаныс вице-министрінің ұлдары әскери борышын өтеген бе: вице-министр жауабы (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мәжіліс кулуарында қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабеков ұлдарының бірі қазіргі уақытта әскери борышын өтеп жүргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабековтен ұлдары әскери борышын өтеді ме деп сұрады.
Ол қазіргі уақытта бір ұлы әскер қатарында қызмет етіп жүргенін жеткізді.
"Шекара әскерлерінде. Ешқандай шағымы жоқ. Ол келісімшарт бойынша қызметте қалады", - деді Асқар Мұстабеков.
Қорғаныс вице-министрінің айтуынша, келісімшарт бойынша қызметте қалу – ұлының таңдауы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2389559-qorganys-vitse-ministrining-uly-otan-aldyndagy-boryshyn-otep-zhur-me-vitse-ministr-zhauaby-video/