jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан әлемдегі ең бейбіт 50 елдің қатарына енді, ал Ресей соңғы орында тұр

Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер
Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер. Иллюстрациялық фото: t.me/aqorda_resmi

Экономика және бейбітшілік институты (IEP) жаһандық бейбітшілік рейтингін жариялады, онда Қазақстан 44-орында тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа рейтингті құру барысында сарапшылар 163 елді 23 критерий бойынша бағалады. Оның ішінде қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, азаматтардың қауіпсіздігі және милитаризация ескерілді.

Жаңа рейтингте Қазақстанның бейбітшілік индексі 1,771-ге көтеріліп, 44-орында тұрғаны көрсетілген. Орталық Азия және ТМД елдерінің ішінде 37-орында тұрған Өзбекстан ғана Қазақстаннан жоғары тұр.

Айтпақшы, Ресей рейтингте соңғы орында, Судан, Израиль, Украина және Конго одан озған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан жаһандық бейбітшілік рейтингінде 56-орынды иеленді, ол кезде де Ресей соңғы орында болды.

Қазақстан әлемдегі ең бейбіт 50 елдің қатарына енді, ал Ресей соңғы орында тұр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.