jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

5000 теңгеге келіскен: маңғыстаулық жасөспірім желіде жұлдыз болды (видео)

Бекарыс Төлебаев
Бекарыс Төлебаев. Видеодан кадр: youtube.com/aktau-lada-kz

Танымал "Let me be" әнімен тренд түсірген маңғыстаулық жасөспірім желі жұлдызына айналды. Видео кейіпкерінің кім екенін Lada.kz басылымы анықтап көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кейінгі кезде TikTok пен Instagram-да таралып жатқан "Let me be" би трендінің арқасында маңғыстаулық жеткіншек күтпеген жерден танымал болды.

Желіде тез тараған видео Мұнайлы ауданындағы Дәулет ауылында түсірілген. Басты кейіпкер – үй шаруасына көмектесіп жүрген 14 жастағы Бекарыс Төлебаев.

Идея авторы – Instagram-дағы аккаунтын белсенді түрде дамытып жатқан Бауыржан Төлебаев. Ол бұл видеоның мұншалықты танымал болатынын мүлдем күтпегенін айтады.

"Менің ұлым Исатай мобилограф болған, ал видеодағы басты кейіпкер – үлкен ағамның ұлы және көршіміз Бекарыс. Ол сол кезде қорада жұмыс істеп жүрген. Оны шақырып алып, видеоға түсуді ұсындым. Басында келіспеді. Содан кейін қалжыңдап: " 5000 теңге беремін" деп едім, бірден келісті, камераға бір рет қана қарады. Ешқандай дайындық болған жоқ, бәрін аяқ астынан түсіріп, бірден әлеуметтік желіде жарияладық", - деді Бауыржан Төлебаев.

Бауыржанның айтуынша, олар бұған дейін бұл трендті екі рет түсірген, бірақ қаралым саны 40 000-нан аспаған.

"Маған бірдеңе жетіспейтіндей тұрғандай көрінді. Сол кезде кадрға жүк тиегішті қосу туралы идея келді. Фазендада жұмыс істеп, шаруашылықпен айналысып, контент жасайтын адам үшін миллион қаралым – үлкен жетістік", - дейді ол.

Қазіргі таңда видеоның танымалдылығы күн санап артып келеді. Әлеуметтік желі қолданушылары видеоның шынайы шыққанын, сондай-ақ ауылдағы колоритті және жасөспірімнің харизмасын байқап, түрлі жағымды пікір қалдырып жатыр.

Ролик қазірдің өзінде 920 мыңнан астам қаралым, 90 мыңнан астам лайк және 5 мыңнан астам пікір жинаған.

5000 теңгеге келіскен: маңғыстаулық жасөспірім желіде жұлдыз болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.