jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ЭЦҚ және SMS арқылы кіру: қазақстандықтар үшін маңызды хабарлама жарияланды

ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық куәландырушы орталықтың жеке кабинетінде пайдаланушылардың есептік жазбаларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында екі факторлы аутентификация енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық ақпараттық технология" АҚ мәліметінше, енді авторизация кезінде электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) және құпиясөзден бөлек, SMS арқылы жіберілетін бір реттік код немесе eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Жеке куәлік" цифрлық құжатынан алынатын код арқылы қосымша растаудан өту қажет.

Бұл механизмнің Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қатысы жоқ.

Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.

ЭЦҚ және SMS арқылы кіру: қазақстандықтар үшін маңызды хабарлама жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.