jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Чайлдфри ұстанымы: мүфтият саналы түрде балалы болудан бас тартатындарға қатысты үкім шығарды

Ойнап жүрген балалар
Ойнап жүрген балалар. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы чайлдфри ұстанымына қатысты үкім шығарды. Мүфтият бұл идеология шариғаттың заңдарына қарсы екенін қатаң ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Чайлдфри (ағылш. childfree – "баласыз өмір") – бұл саналы түрде балалы болудан бас тартуды насихаттайтын субмәдениет. Бұл термин ер мен әйелге бірдей қолданылады.

Бүгінде чайлдфри иделогиясы әлеуметтік және мәдени тұрғыдан өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл көзқарасты жақтаушылар балаларды жек көрмейді. Алайда олар көбіне бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашуды, қосымша жауапкершілікті мойнына алмауды, жеке еркіндік пен кәсіби дамуды алдыңғы орынға қоюды, сондай-ақ "менің денем – менің құқығым" деген идеологияны негізгі себеп ретінде алға тартады.

Чайлдфри, яғни саналы түрде балалы болудан бас тарту, шариғат тұрғысынан құпталмайды", - делінген ҚМДБ ресми сайтында.

ҚМДБ неге шариғат бұл ұстанымға қарсы екенін тарқатып жазған.

"Бұл идеология адам болмысына (фитрасына) қайшы. Үйлену және ұрпақ сүю – табиғи құбылыс. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Адам баласы үшін әйелдерді, балаларды, алтын күмістен жиналған қазыналарды, сәйгүліктерді, малдар және егіндерді құмарта сүю әсем көрсетілген. Бұлар – дүние тіршілігінің қызығы" [2], – деп баяндайды.

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне қайшы. Неке қию – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Оның негізгі мақсаттарының бірі – адамзат тегінің сақталуы мен ұрпақтың жалғасуы.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Сені жақсы көретін әрі көп бала туатын әйелге үйленіңдер. Өйткені мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбетке мақтанамын", – деген", - делінген жазбада.

Сонымен бірге мүфтият балалы болу ерлі-зайыптыларға ортақ құқық екенін, сондықтан олардың бірі бала сүюді қаласа, екінші тарап оған тыйым сала алмайтынын да ескертті.

Жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға тек бала тәрбиесіне дайындалу немесе денсаулықты қалпына келтіру сынды себептер ғана орынды саналып, рұқсат етіледі.

"Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болуы және қолданылатын тәсілдердің денсаулыққа зиян келтірмеуі шарт. Ал тек жауапкершіліктен қашу немесе кедейліктен қорқып жүктіліктен әдейі бас тарту шариғатта құпталмайды. Сондай-ақ ұрпақсыздыққа әкелетін, жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдер шариғатта харам болып саналады.

Сонымен қатар чайлдфри идеологиясы отбасы институтын әлсіретіп, қоғам мен ұлттың болашағына кері әсерін тигізеді.

Шешім:

  1. Чайлдфри идеологиясы ислам шариғатына, адам табиғатына және неке мақсатына қайшы.
  2. Жүктілікті болдырмау немесе кейінге қалдыру тек мәжбүрлі және шариғат талабына қайшы келмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
  3. Әдейі жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдерге тыйым салынады", - делінген үкімде.
Чайлдфри ұстанымы: мүфтият саналы түрде балалы болудан бас тартатындарға қатысты үкім шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.