jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шілдеде Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

құрғақшылық
Құрғашылық. Иллюстрациялық фото: picture alliance/Getty Images

"Қазгидромет" шілдеге арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы айда Қазақстанның тоғыз өңірінде құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, шілдеде ауа температурасы жоғарлаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталады, жауын-шашын көбінесе жергілікті және қысқа мерзімді болады.

Алдын ала болжамға сәйкес, 2026 жылғы шілдеде мына өңірлерде бірқалыпты құрғақшылық күтіледі:

  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;
  • Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;
  • Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
  • Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Бірқалыпты ылғалдылық болжанады:

  • Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Синоптиктер алдын ала болжам қажет болған жағдайда нақтыланатынын атап өтті.

Шілдеде Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.