jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қолдан келген барлық көмекті көрсетті": министрлік Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді

Мұхтар Ербаян
Мұхтар Ербаян. Фото: instagram.com/erbayan2024

ҚР Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін заң алдында кім жауапкершілікке тартылатыны жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап бере отырып, алдымен ол әскери қызметшінің ата-анасына, бауырларына, туыстарына және командирлеріне Қорғаныс министрлігінің атынан көңіл айтты.

"Кім жазаланады дегенге келсек, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Соның шешімі бойынша жазаланады және тәртіптік жазаларды Ұлттық ұланның басшылығы қолданады.

Тексеріс жүргізу Ішкі істер министрлігінің құзіретінде. Қорғаныс министрлігі бұл жайында тексеріс жүргізіп жатқан жоқ. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінен бөлек, әскери прокуратура т.б. органдар тексеріп жатыр.

Басында емдеген кезде көмегімізді бердік. Кейін отбасымен байланыста болдық. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігі қолдан келген барлық көмекті көрсетті. Менің ойымша, Ұлттық ұланның басқармасы жерлеу рәсіміне қатысады", — деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

"Қолдан келген барлық көмекті көрсетті": министрлік Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.