jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Дипломы жоқ "психологтардың" қызметіне тыйым салу: сенат заң жобасын мақұлдады

психолог
Психолог қабылдауында отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Сенат депутаттары Қазақстандағы психологтардың жұмысын реттеу туралы заң жобасын мақұлдады. Заң қабылданса, дипломы жоқ мамандар өзін "психолог" деп атай алмайды. Олардың қызметіне тосқауыл қойылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Заң жобасында психологтардың жұмысын реттеу, қызмет сапасын арттыру және азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау туралы жазылған.

Депутат Әсем Рахметованың айтуынша, заң психологиялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге, кәсіби этика талаптарын сақтауға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ сенатор олардың кәсіби даярлығына қойылатын талаптар күшейетінін жеткізді.

"Атап айтқанда, кәсіптік стандарт енгізіліп, мамандардың даярлық деңгейіне, кәсіби құзыреттеріне және біліктілігіне нақты талаптар белгіленеді. Сонымен қатар психологтардың Әдеп кодексі бекітіліп, кәсіби жауапкершілік пен құпиялылық қағидаттарын сақтау қамтамасыз етіледі", - деді сенат депутаты Әсем Рахметова.

Сондай-ақ заңда психологтардың мемлекеттік тізілімі жасалатыны туралы жазылған. Оған дипломы және халықаралық сертификаты бар мамандар ғана тіркеле алады. Мұндай ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі айтты. Оның сөзінше, егер халықтан оның жұмысына қатысты шағымдар түссе, ақшасын алып сапалы қызмет көрсетпесе, ол психолог реестрден шығарылады.

Ербол Тұяқбаев кез келген адам дерекқорға кіріп, маманның білімі, жұмыс өтілі туралы ақпарат ала алатынын айтты. Сондай-ақ құжатта психолог құпияны сақтамаса, қызметін кәсіби деңгейде атқара алмаса, жауапкершілікке тартылатыны туралы да жазылған.

"Жасаған заң бұзушылыққа байланысты анықталады. Ол қылмыстық та болуы мүмкін. Ол әкімшілік те болуы мүмкін. Қылмыстық егер осы жағдай ауыр жағдайларға алып келетін болса, нәтижесінде біреу зардап шексе оны қылмыстық жауапқа құқық қорғау органдары тарта алады", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев.

Дипломы жоқ "психологтардың" қызметіне тыйым салу: сенат заң жобасын мақұлдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.