jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Жүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді. Тиісті құжатқа 25 маусымда Абу-Дабиге жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді.

Тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, киберқылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, жедел ақпарат алмасу, заманауи технологияларды енгізу және кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.

Келіссөздердің басты нәтижесі – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдіктер әкелмек. Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. Меморандум тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.