jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, ақпарат саласының үздік өкілдері марапатталды. Дәстүрлі мерекелік жиында Ұлытау облысы әкімінің арнайы "Ұлар" сыйлығы табысталып, өңір журналистерінің еңбегі жоғары бағаланды, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың екі журналисіне екі бөлмелі пәтердің кілттері тапсырылды. Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков "Хабар" телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Елдос Кәкенов пен "Аймақ ақшамы" газетінің аға тілшісі Мейрамкүл Алпысбаеваға пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстады.

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Салтанатты жиынға қатысқан Ұлытау облысының әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналған ақпарат саласы өкілдерінің өңірдің дамуы мен ел бірлігін нығайтудағы ерекше еңбегін атап өтті. Өңір басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мереке аясында сала ардагерлері мен үздік мамандарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. Атап айтқанда, "Ерен еңбегі үшін" және "Еңбек ардагері" медальдары, "Ақпарат саласының үздігі", "Қазақстанның құрметті журналисі" төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары тапсырылды. Сондай-ақ бірқатар журналист пен медиа саласының қызметкерлері Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғысхатымен марапатталды.

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Кештің басты оқиғаларының бірі – Ұлытау облысы әкімінің "Ұлар" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Биыл сыйлықтың 13 номинациясы бойынша үздік атанған журналистерге 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақылар табысталды.

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мерекелік іс-шара өңір журналистерінің қоғамдағы маңызды миссиясына құрмет көрсетіп, олардың кәсіби еңбегін лайықты бағалаудың жарқын көрінісіне айналды.

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды
Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды. Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Кәсіби мерекеде ұлытаулық БАҚ қызметкерлері баспаналы болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.