jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қымызмұрындық – 2026": Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті

"Қымызмұрындық" шарасы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында "Қымызмұрындық – 2026" мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Салтанатты шарада ҚР президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Мәлік Нұржанұлы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дүбірлі думанның маңызына тоқталып, қонақтарға ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ меймандар "Қымызмұрындық" аясында ұйымдастырылған көрмені аралап көріп, ұлттық ойыннан сынға түскен спортшылардың өнерін тамашалады.

Мәлік Нұржанұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізе отырып, президентіміздің ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрімізді дәріптеуге арналған осындай тағылымды іс-шараларға ерекше мән беретінін айтты.

күрес
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Сонымен қатар Кеген ауданында өтіп жатқан "Қымызмұрындық" мерекесі ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсетініне сенім білдірді.

Аймақ басшысы өз сөзінде халықтың қолдауымен қолға алынған игі бастамалардың ғұмыры қашанда ұзақ болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ Алматы облысы бүгінде табиғи байлығы мен тарихи мұрасын ұштастыра отырып, туризмді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын жеткізді.

"Қымызмұрындық" шарасы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірімізге 2,5 миллионнан астам турист келген. Бұл Алматы облысының табиғи əлеуеті мен тарихи-мəдени мұрасына деген қызығушылықтың тұрақты артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, "Қымызмұрындық" мерекесі Қарқара жайлауында биыл 5-рет өткізіліп, қазақтың көреген абызы Əлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді.

"Қымызмұрындық" шарасы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен республикалық жарыстар ұйымдастырылып, спортшылардың шымырлығы мен төзімділігі сынға түсті.

"Қымызмұрындық – 2026": Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.