jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Сел жүру қаупі бар: Алматы құтқарушылары тұрғындар мен туристерге тауға шығуға болмайтынын ескертті

Алматы таулары
Алматы таулары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға шақырды. Олардың мәліметінше, 1 шілдеде Алматы тауларында сел жүру қаупі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, 1 шілдедегі "Қазгидромет" РМК-ның ескертуіне сәйкес, қатты жауын-шашынға байланысты Алматы тауларындағы Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі бар.

"Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауына барудан уақытша бас тартуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар сел қаупі бар аймақта келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

  • таудағы жағдай туралы ресми ақпараттарды үнемі бақылаңыз;
  • сел қаупі төнген немесе сел басталған жағдайда дереу биік жерге көтеріліңіз;
  • өзен арналарының, сел жүруі мүмкін сайлардың, көл бөгеттерінің үстінде және төменгі жағында шатыр тігіп демалмаңыз;
  • таудың жоғарғы бөлігінде нөсер жауын жауып жатса, өзен арнасынан және қауіпті аймақтан дереу кетіңіз.
Сел жүру қаупі бар: Алматы құтқарушылары тұрғындар мен туристерге тауға шығуға болмайтынын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram