jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үш облыстың тұрғындарына сел қаупі туралы ескертілді

Сел
Сел. Видеодан кадр: instagram.com/112_qazseldenqorgau

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының тұрғындары мен қонақтарына гидрологиялық жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жоғары ауа температурасы мен болжанып отырған нөсерге байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қарқынды беткейлік ағын күтіледі.

Осыған байланысты, сырғыма мен сел құбылыстары болуы мүмкін.

"Аталған облыстардың тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Үш облыстың тұрғындарына сел қаупі туралы ескертілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.