Картоптың орнына қырыққабат қосылған вареники сатқан дүкен айыппұл арқалады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде жағымсыз жағдайға тап болған тұтынушы Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, тұтынушы дүкеннен мұздатылған жартылай фабрикат – картоп қосылған вареники сатып алған.
Тауар дүкеннің өзінде оралып, өлшеніп және таңбаланған. Алайда тағамды үйде пісіргеннен кейін қаптаманың ішінде қырыққабат қосылған вареники болғаны анықталған.
Тұтынушы сапасыз тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талаппен дүкенге жүгінген (заттаңбадағы ақпарат нақты құрамға сәйкес келмеген). Алайда сатушы тауар тек сатып алынған күні ғана қайтарылатынын алға тартып, ақшаны қайтарудан негізсіз бас тартқан.
Департамент бұл мәселе бойынша тексеру жүргізіп, түбіртек пен заттаңбаға сәйкес "картоп қосылған вареники" сатылғанын, ал іс жүзінде басқа өнім – "қырыққабат қосылған вареники" берілгенін анықтаған.
Тексеру нәтижесінде дүкеннің әрекеті тұтынушыны жаңылыстыру ретінде бағаланған. Тұтынушының құқықтары қалпына келтірілген: дүкен қатені мойындап, тексеру барысында тауардың құнын толық көлемде қайтарған.
Сонымен қатар кәсіпкер тұтынушыларды тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасы жөнінде жаңылыстырғаны не өзге де жолмен алдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2395799-kartoptyng-ornyna-qyryqqabat-qosylgan-vareniki-satqan-duken-aiyppul-arqalady/