jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

KAZ Minerals Тобының кәсіпорындары Paryz Bridge рейтингінің жеңімпаздары қатарынан көрінді

KAZ Minerals вошли в число победителей рейтинга Paryz Bridge
Фото: Нурай Сапарбекова

Марапаттау рәсімі Human Capital Forum 2026 аясында Nazarbayev University қабырғасында өтті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"PARYZ" Қазақстан жұмыс берушілерінің ұлттық конфедерациясы және Қазақстан HR-менеджерлер қауымдастығы бірлесіп өткізген Paryz Bridge зерттеуіне экономиканың сегіз саласынан 100-ден астам қазақстандық кәсіпорнын қатысты. Қатысушылар бірнеше көрсеткіш бойынша бағаланды. Атап айтқанда, қызметкерлердің жұмыс тәжірибесі, жұмыс берушінің беделі, HR-процестердің тиімділігі, қызметкерлер сауалнамасының нәтижелері мен тұтынушылардың пікірі ескерілді.

KAZ Minerals вошли в число победителей рейтинга Paryz Bridge
Фото: Нурай Сапарбекова

Paryz Bridge рейтингінде KAZ Minerals Aktogay мен KAZ Minerals Bozshakol үздіктер қатарынан көрінді. Кәсіпорын бұл нәтижеге адам капиталын дамытуға, қызметкерлердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға тұрақты көңіл бөлудің арқасында қол жеткізді деуге болады.

KAZ Minerals вошли в число победителей рейтинга Paryz Bridge
Фото: Нурай Сапарбекова

"Ең алдымен "Бозшакөл" ұжымына алғысымды білдіремін. Бүгінгі марапат – әр қызметкердің адал еңбегі мен кәсібилігінің нәтижесі. Біз үшін жақсы жұмыс беруші болу тек адамды жұмыспен қамтумен шектелмейді. Ең маңыздысы – әр қызметкер өзін қауіпсіз сезініп, кәсіби әрі жеке тұрғыдан дамуға мүмкіндік алатын орта қалыптастыру. Қуантатыны, жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген ұсыныс тікелей қызметкерлердің өзінен түседі. Соның арқасында әркімнің пікірі ескерілетін, өзара сенімге негізделген жұмыс мәдениетін қалыптастырып келеміз", - деді KAZ Minerals Bozshakol директоры Джонатан Рао.

KAZ Minerals-та кадрларды дамытуға басымдық беріледі. Компания үздік мамандарды жұмысқа қабылдап қана қоймай, олардың біліктілігін арттырып, кәсіби әрі жеке тұрғыдан өсуіне тұрақты қолдау көрсетеді.

KAZ Minerals вошли в число победителей рейтинга Paryz Bridge
Фото: Нурай Сапарбекова

"Қызметкерлердің қауіпсіздігі біз үшін тек өндірістегі қауіпсіздікпен шектелмейді. Олардың психологиялық жай-күйіне де ерекше назар аударамыз. Ақтоғай кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігімен қатар, жайлы тұрмыс жағдайы мен қажетті психологиялық қолдау да қамтамасыз етілген. Мұның бәрі қызметкерлердің өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шалғай өңірде еңбек етсе де, жұмысына құлшыныспен кірісуіне ықпал етеді", - деді KAZ Minerals Aktogay компаниясының бас директоры Рейнхард Вильюн.

KAZ Minerals жас мамандарды даярлау мен қолдауға ерекше көңіл бөледі. Кәспорынның өндіріс орындарында осы уақытқа дейін 25 жоғары оқу орны мен колледждің 1500-ге жуық студенті ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. Сондай-ақ оқу орындарының оқытушылары өндіріс үдерісі мен жаңа технологияларды зерделеу үшін кәсіпорындарға тұрақты түрде келеді.

KAZ Minerals вошли в число победителей рейтинга Paryz Bridge
Фото: Нурай Сапарбекова

"Біздің басты тірегіміз – адамдар. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби өсуіне, олардың өз әлеуетін толық ашуына және компания өміріне белсенді араласуына барынша жағдай жасаймыз. Жас мамандарды қолдау да назарымыздан тыс қалмайды. Біз өндірісте еңбек еткісі келетін жастарды оқытып, тәжірибе жинауына мүмкіндік береміз. Осылайша тау-кен металлургиясы саласына білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға өз үлесімізді қосып келеміз", - деді KAZ Minerals Тобының еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Абылқасымұлы.

Кәсіпорын білім беру саласын дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін білім беру ұйымдарына 964 млн теңгеден астам әлеуметтік қолдау көрсетті. Ірі бастамалардың бірі – "Супер-колледж" жобасы. Оған 520 млн теңгеден астам қаржы бағытталды. Жоба оқу орындарының материалдық-техникалық мүмкіндігін күшейтіп, техникалық мамандықтардың сапасын арттыруды көздейді.

KAZ Minerals Тобының кәсіпорындары Paryz Bridge рейтингінің жеңімпаздары қатарынан көрінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.