Ақтау жағалауында тағы да итбалық өлекселері табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтау жағажайларынан тағы да итбалық өлекселері табылды. Мамандар олардың қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынама алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жағажайлардын өлі итбалықтарың табылғаны туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлім етті.
"3 шілде күні Ақтау қаласының жағажайларында итбалық өлекселері табылды. Қазіргі таңда олардың нақты санын анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Мән-жайды анықтау үшін департамент қызметкерлері өлекселер табылған аймақтан теңіз суының сынамасын алған.
Экгология департаментінің өкілдері сынама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2396539-aqtau-zhagalauynda-tagy-da-itbalyq-olekseleri-tabyldy/