jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалыс 10 күнге шектеледі

тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жөндеу жұмыстарына байланысты 8-18 шілде аралығында республикалық маңызы бар "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысында республикалық маңызы бар "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолын орташа жөндеу аясында 1121-1186 және 1194-1209 шақырымдар аралығындағы учаскелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты 8-18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177-1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121-1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.

"Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Айналма бағыттың сызбасы қоса беріледі", - делінген хабарламада.

Айналма бағыттың сызбасы
Айналма бағыттың сызбасы. Фото: t.me/qazavtojol

Республикалық маңызы бар жолдардың бірінде қозғалыс 10 күнге шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.