ШҚО-да өзен жағасында серуендеп жүрген тұрғын XIX ғасырға тиесілі қаруды тауып алды (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Риддер тұрғыны XIX ғасырға тиесілі сирек қаруды тауып алып, полицияға өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталының жазуынша, 43 жастағы Риддер тұрғыны Громотуха өзенінің маңында серуендеп жүріп, ғасырлық тарихы бар раритетті атыс қаруын тауып алған.
Ер адам дереу Риддер қалалық полиция бөліміне хабарласып, қаруды полиция қызметкерлеріне тапсырған.
ШҚО полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының мамандары жүргізген зерттеу нәтижесінде, қарудың 8 мм калибрлі Лефоше жүйесіндегі револьвер екені анықталған.
"Лефоше жүйесіндегі револьверлер – XIX ғасырдың соңындағы аңызға айналған қару. Штаттық оқ-дәрілердің болмауына байланысты оның атысқа жарамдылығын анықтау мүмкін болмағанымен, сарапшылар заттың зауыттық шығу тегін және тарихи құндылығын растады", - деп атап өтті криминалистер.
Қазіргі уақытта раритет есепке алынған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2397185-shqo-da-ozen-zhagasynda-seruendep-zhurgen-turgyn-xix-gasyrga-tiesili-sirek-qarudy-tauyp-aldy-foto/