jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кететінін мәлімдеді

Айжан Аймағанова
Айжан Аймағанова. Фото: gov.kz

Белгілі прокурор Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты болуы мүмкін екенін растап, прокуратурадағы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан Аймағанова өз Instagram парақшасында сторис жариялап, Құрылтайға депутаттыққа кандидат ретінде ұсынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Осы жағдайға байланысты өз атымнан түсініктеме беруді жөн көрдім. Мен ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында заңға, мемлекетке қызмет етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жұмыс істедім.

Кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым. Бұл – заңның талабы, мен оны толық орындадым.

Бұл шешімді мен саналы түрде қабылдадым. Менің кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ азаматтарымызды толғандыратын мәселелерді шешуде пайдалы бола алатынына сенімдімін.

Қолдау мен ықыластарыңыз және сұрақтарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бұл мен үшін өте маңызды. Алда атқарылар жұмыс көп, мен ашық диалогқа дайынмын", - деп жазды ол.

Еске салсақ, прокурор Айжан Аймағанова еліміздегі партиялардың бірінің атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізіміне енгенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Айта кетсек, Айжан Аймағанова әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдіктелген Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылардың бірі болды. Бұрынғы министр ақырында кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кететінін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.