Жаңбыр, найзағай мен дауыл: Қазақстанда аптаптың беті қайтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қазгидромет" синоптиктері 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде нөсер жауып, дауыл тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астанада 13-15 шілде күндері 35-39 градусқа дейін аптап болады. Сондай-ақ жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтілесе, Қонаев қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) 13 шілдеде таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Сонымен қатар 35-38 градус аптап сақталады. Орал қаласында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-36 градус аптап болады. Петропавл қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай қаласында да жаңбыр мен бұршақ жауады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында жел күшейеді, ал облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Көкшетау қаласында да найзағай мен жаңбыр күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында және облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда қаласы мен облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел тұрып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында жауын-шашын түспейді, төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2398645-zhangbyr-naizagai-men-dauyl-qazaqstanda-aptaptyng-beti-qaitady/