jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар енді ХҚКО-дан ең танымал қызметтердің бірін ала алмайды

Жаңартылған ХҚКО
ХҚКО. Фото: "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметін көрсетпейді. Бұл құжатты тек онлайн алуға болады, деп хабарлайды "ҰАТ" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, қазақстандықтарға жер учаскесіне мемлекеттік акт алуға өтініштерді енді тек eGov.kz порталы арқылы беруге болатыны ескертілген.

"Бұған дейін жер учаскесіне мемлекеттік актіні алу үшін азаматтар тікелей ХҚКО-ға жүгінуге міндетті болатын. Қазіргі таңда мұндай қажеттілік іс жүзінде жойылды, өйткені өтінімдердің 96 пайызы онлайн форматта беріледі, ал 12 шілдеден бастап қызмет көрсету процесі толықтай цифрлық форматқа көшірілді.

Енді eGov.kz порталында өтінім беріп, оған ЭЦҚ арқылы қол қойып, дайын құжатты жеке кабинеттен алу жеткілікті", - деді Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Қызметті алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталына кіріп, жер учаскесіне мемлекеттік актіні беру қызметін таңдап, қажетті мәліметтерді толтырып, өтінімге электрондық сәйкестендірудің қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қоюы қажет. Өтінім қаралғаннан кейін дайын нәтиже пайдаланушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазақстандықтар енді ХҚКО-дан ең танымал қызметтердің бірін ала алмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.