Air Astana Дубайға қатысты рейстер бойынша жаңа мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Air Astana Дубайға рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
"Әуекомпаниясы аймақтағы жағдайды бақылайды және ұшу кестесін өзгертуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Дубайға 13 және 14 шілдеге жоспарланған рейстерді тоқтатқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2399282-air-astana-dubaiga-qaita-usha-bastaidy/