jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтөбедегі әскери бөлімде бір сыныптың 6 түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жүр (фото)

Сарбаздар
Сарбаздар. Фото: instagram.com/ulttyq_ulan_batys

Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде бір сыныптың 6 түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы көктемде әскерге шақырылған сарбаздар – Түркістан облысы Арыс қаласындағы Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектептің түлектері.

Олар: Дархан, Жасұлан, Бақдәулет Қайратұлы, Бақдәулет Әділбекұлы, Бекзат және Саят.

Сарбаздар
Сарбаздар. Фото: instagram.com/ulttyq_ulan_batys

Мектепте бірге білім алып, бірге ержеткен жігіттер әскери борышын да бірге өтеуге уағдаласып, бүгінде Ұлттық ұлан сапында қатар қызметке кіріскен.

Ал ант қабылдау рәсімінде алты сарбаздың аналары ерекше қолдау көрсеткен. Олар салтанатты рәсімге арнайы бірдей ақ жейде киіп келген. Жейделерге "Алты ана – бір жүрек, алты сарбаз – ел тірегі" деген жүрекжарды сөзді жаздырған.

Сарбаздар аналарымен
Сарбаздар аналарымен. Фото: instagram.com/ulttyq_ulan_batys

"Біздің ұлдарымыз бала күнінен бірге өсіп, бір сыныпта оқыды. Мектепті аяқтай салысымен әскерге бірге барамыз деп шешім қабылдады. Біз, ата-аналар, олардың бұл таңдауына қолдау көрсеттік. Міне, бүгін Ұлттық ұлан қатарында қасиетті Әскери ант қабылдап тұрғандарын көріп, ерекше толқып тұрмыз. Бұл – әрбір ана үшін зор мақтаныш", - дейді сарбаздардың бірінің анасы Ақбаян Сапарбекқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте бір сыныптың 12 түлегі әскери борышын бірге өтеп жатқанын жазған едік.

Ақтөбедегі әскери бөлімде бір сыныптың 6 түлегі Отан алдындағы борышын өтеп жүр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.