jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қатты ыстық, шаңды дауыл, бұршақ: Қазақстанда 15 шілдеде ауа райы қандай болады

Бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 15 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірде аптап ыстық сақталса, кей өңірде дауыл тұрып, бұршақ жауу ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 15 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 15 шілдеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 15 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 15 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 15 шілдеде 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 15 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 шілдеде түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 15 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 15 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 15 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 15 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 39-41 градус қатты ыстық болатыны болжанады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 15 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде 15 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз 40 градус өте қатты ыстық болатыны болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. 15-16 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 15-16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 15 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 15 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Қатты ыстық, шаңды дауыл, бұршақ: Қазақстанда 15 шілдеде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.