jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін аптап күтіледі

күн
Ыстық ауа райы. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 16-18 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің кей өңірлерінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Метеорологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілуде.

Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанып отыр.

16-17 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы және жел күшеюі мүмкін.

Сондай-ақ Қазақстанның батысында жауын-шашынның әсерінен аптап ыстықтың беті қайтады: күндіз ауа температурасы +22...+35 градус болады, солтүстікте температура +21...+36 дейін төмендейді, ал республиканың орталығы мен шығысында +41 градусқа дейін аптап күтілуде.

Ал елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батыстың кейбір аудандарында Орталық Азия аймақтарынан келетін ыстық ауа массаларының әсері жалғасады.

Мұнда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, тек оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнау мүмкін.

Күндіз ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін жетеді, бұл синоптиктердің болжамы бойынша климаттық нормадан жоғары.

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін аптап күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.