jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

48 градусқа дейін ыстық, жаңбыр: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қанда болады

Аптап ыстық
Аптап ыстық. Иллюстрациялық фото: skaman306/Getty Images

Синоптиктер 18-20 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері солтүстік-батыс циклоны мен оған тиесілі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қостанай облысының жекелеген аудандарында, 19-20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейіп, дауыл соғуы ықтимал, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Алдағы күндері тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Жаңбырға, кей уақыттарда қатты жаууына байланысты республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде күндізгі ауа температурасы +21...+29°С-қа дейін төмендейді.

Дегенмен, Қазақстанның шығысы мен орталығының басым бөлігінде Орта Азия аудандарынан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Осыған байланысты мұнда күндізгі ауа температурасы +35…+39°С-қа дейін жетіп, аптап ыстық болады.

Орталық және шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде де аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-батысында +44°С-қа дейін, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

48 градусқа дейін ыстық, жаңбыр: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қанда болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.