Алматы, Қонаев, Қызылорда: синоптиктер сенбіде аптап ыстық болатын өңірлерді атап, ескерту жасады
Жарияланған күні:
Ертең, 18 шілдеде еліміздің көптеген өңірінде аптап ыстық сақталады. Синоптиктер Алматы мен Алматы облысы, Қонаев, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындарына сақ болуды ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Астанада күндіз 35-36 градус өте қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. Таразда күндіз 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
18-20 шілдеде күндіз Алматы облысының шығысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 18-20 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысында 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. Алматыда күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Қонаевта 41-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 18-19 шілдеде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 18-19 шілдеде облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2401043-almaty-qonaev-qyzylorda-sinoptikter-senbide-aptap-ystyq-bolatyn-ongirlerdi-atap-eskertu-zhasady/