jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Ешқашан барып көрмедім": Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға пәтер кілті мен Түркияға жолдама табыстады (видео)

Меруерт Өтекешова
Меруерт Өтекешова. Скриншот: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы бұдан екі ай бұрын сыйлауға уәде еткен пәтерді табыстады. Бұл туралы продюсердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Баян Мақсатқызы екі ай бұрын Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешованың пәтері жоғын естіп, оған Алматының кез келген ауданынан пәтер сыйлауға уәде еткен. Араға уақыт салып, продюсер уәдесін орындап, пәтерді актрисаға табыстады. Видеоны табыстау сәтін Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына жүктеді.

"Шын жүректен, махаббатпен аңыз адамға", - деп жазды ол.

Продюсер пәтерді су жаңа жиһазбен және керек-жарақпен жабдықтағанын көруге болады. Ал қонақ бөлмеге ол Өтекешованың "Қыз Жібек" картинасындағы образы бейнеленген суретін ілген. Айтуынша, картина қазақстандық суретші суретті екі ай бойы салған.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Халық әртісіне Түркияның бес жұлдызды қонақүйіне жолдама сыйлады.

"Ешқашан барып көрмедім": Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға пәтер кілті мен Түркияға жолдама табыстады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.