jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Грант конкурсы: арнайы квотаны қандай талапкерлер ала алады

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда әлеуметтік осал санатқа жататын талапкерлер мемлекеттік білім гранты конкурсына жалпы негізде емес, арнайы бөлінген квота арқылы қатысады. һБұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті басқармасының басшысы Жандәулет Құдайбергенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысының белгілі бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы талапкерлерге арнайы квота ретінде бөлінеді. Мысалы, төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлер үшін гранттардың жалпы көлемінің 5 пайызы қарастырылған. Сонымен қатар қандастарға, толық емес отбасынан шыққан талапкерлерге және өзге де әлеуметтік осал санаттарға жеке квоталар бөлінеді", – деді ол.

Жандәулет Құдайбергеновтің айтуынша, толық емес отбасынан шыққан талапкерлер үшін гранттардың 3 пайызы көзделген.

Сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және осындай мүгедектігі бар адамды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлерге де арнайы квота қарастырылған.

"Бұл талапкерлер жалпы конкурсқа қатыспайды. Олар тек өздеріне арналған квота бойынша бақ сынайды. Ал арнайы квотаға бөлінген гранттарға жалпы конкурсқа қатысушылар үміткер бола алмайды", – деді комитет өкілі.

Оның сөзінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге де оқу барысында қажетті қолдау көрсетіледі.

"Егер талапкер I немесе II топтағы мүгедектігі бар болса немесе заңда көрсетілген өзге санаттардың біріне жатса, арнайы квота арқылы конкурсқа қатыса алады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында көру, есту қабілеті бұзылған және басқа да ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес барлық қажетті жағдай жасалады", – деді Жандәулет Құдайбергенов.

Грант конкурсы: арнайы квотаны қандай талапкерлер ала алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.