jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Алтын Орданың ізі, Ұлытаудың үні: Астанада ерекше көрме басталды

Астанада өтіп жатқан көрмедегі қолөнершілер
Астанада өтіп жатқан көрмедегі қолөнершілер. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Астана төрінде Ұлытау облысының өнерпаздары мен қолөнер шеберлері өз туындыларын тарту етуде. "Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер" тақырыбында Creative Aimaq hub алаңында өтіп жатыр, деп хабарлайды Ұлытау облысының әкімдігі.

Көрме аясында Ұлытау облысынан келген 60-қа жуық шебер ағаштан, былғарыдан, керамика мен киізден жасалған қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, этно-сән топтамалары мен құрақ көрпелерін паш етуде.

Астанада өтіп жатқан көрмедегі қолөнершілер. Фото
Астанада өтіп жатқан көрме. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Қонақтар былғары өңдеу, ағаш ою, ұлттық музыкалық аспаптар жасау, ұсталық өнер сияқты дәстүрлі кәсіптердің қыр-сырын таныстыратын шеберлік сабақтарна қатыса алады. Сонымен қатар қолөнерші, суретші және дизайнерлермен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып, ұлттық өнердің бүгінгі даму бағыттары кеңінен таныстырылуда.

Астанада өтіп жатқан көрмедегі қолөнершілер. Фото
Астанада өтіп жатқан көрме. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Кешкі бағдарламада жезқазғандық Jezz Acoustic Band тобының концертімен жалғасады. Жоба отандық қолөнер шеберлерін, дизайнерлер мен суретшілерді, шығармашылық кәсіпкерлерді қолдауға, сондай-ақ Made in Kazakhstan ұлттық брендін дамытуға бағытталған. Qazaq Creative Hub алаңында өтіп жатқан көрмеде Ұлытаудың тарихи-мәдени мұрасы заманауи дизайн, қолөнер, этно-сән және цифрлық технологиялар арқылы таныстырылуда.

Астанада өтіп жатқан көрмедегі қолөнершілер. Фото
Астанада өтіп жатқан көрме. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Көрме барысында шеберлер өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, басқа өңірлерден келген кәсіпкерлермен жаңа серіктестік байланыстар орнатып, болашақ бірлескен жобаларды талқылап жатыр.

Астанада өтіп жатқан көрме. Фото
Астанада өтіп жатқан көрме. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Көрмеде ұлттық қолөнер бұйымдарымен қатар креативті индустрияның жаңа бағыттары да ұсынылған. Атап айтқанда, Ұлытаудан келген IT саласының өкілдері өңірдің табиғаты, тарихы мен салт-дәстүрін таныстыратын цифрлық жобалар мен мультимедиалық жұмыстарын көпшілік назарына шығарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар өңірдегі шығармашылық индустрияның дамуына серпін беріп, қазақстандық өнімдерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Алтын Орданың ізі, Ұлытаудың үні: Астанада ерекше көрме басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.