jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жексенбіде қай өңірлерде аптап ыстық сақталады: синоптиктер болжамы

Жаз
Жаз. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Көкшетауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жексенбіде қай өңірлерде аптап ыстық сақталады: синоптиктер болжамы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.