jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

КҚК теңіз терминалына жасалған шабуыл: Қазақстан Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Нысан. КҚК
Нысан.КҚК. Иллюстрациялық фото: cpc.ru

Қазақстанның Энергетика министрлігі КҚК теңіз терминалына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін, 2026 жылғы 19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеуді жүзеге асырып жатқан. Танкерлердің бортында халықаралық экипаж мүшелері болған", - делінген хабарламада.

Шабуыл салдарынан танкерлерде өрт шыққанымен, экипаждардың жедел іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғылары зақымданбаған. Теңіз акваториясына мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.

Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу жұмыстары оқиғаның салдарын бағалау аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылған. Мұнай жөнелтуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат мәліметтердің келіп түсуіне қарай беріледі.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.

Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді", - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігі.

КҚК теңіз терминалына жасалған шабуыл: Қазақстан Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.