jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

22 шілдеде Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Телевизор пульті
Телевизор пульті. Иллюстрациялық фото: Пульт от телевизора. тивное фото: pexels.com

Қазақстанда 22 шілдеде жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ 22 шілдеде 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады.

Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

22 шілдеде Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.