jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Тобыл өзенінің арнасы өзгерген": Қостанай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі анықталды

Тобыл өзені
Тобыл өзені. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, ҚМА-ның Қостанай облысы бойынша департаменті жер қойнауын заңсыз пайдалану және пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру фактілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтаған.

"Тергеу амалдарына сай, "СТС-Цемент" ЖШС-нің басшысы мемлекет белгілеп берген жер қойнауы учаскесінен тыс жерде, Тобыл өзенінің арнасы мен жағалауынан өнеркәсіптік көлемде өзен құмын заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

Жұмыстар өзен түбінен екі жер снарядтың көмегімен гидромеханикаландырылған тәсілмен жүргізілген.

Өндірілген өзен құмы байланысы бар кәсіпорындарға өткізілген. Жалпы сатылған құм көлемі 113 мың текше метрден асып, оның құны 719 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, заңсыз әрекеттердің салдарынан су және жер ресурстарына елеулі экологиялық зиян келтірілген: Тобыл өзенінің арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылған, гидрологиялық режимге нұқсан келіп, батпақтанған аумақтар пайда болған.

Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан. Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет.

Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі мүлікке – 12 автокөлікке, 10 жер учаскесіне және бір тұрғын емес үй-жайға тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданған.

"Тобыл өзенінің арнасы өзгерген": Қостанай облысында құмды заңсыз өндіру фактісі анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.