jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды

күшік
Құтқарылған күшік. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Оралда полицейлер қырағы жасөспірімдердің арқасында суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Орал қаласындағы саябақтардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне екі жасөспірім қыз жүгінген.

Олар суда кішкентай күшіктердің қалып қойғанын айтқан.

Оқиға орнына полиция қызметкері Жохар Ертаев пен тағылымдамадан өтуші Өрлен Ожанов жедел жеткен. Полицейлер жағдайды бағалап, күшіктерді судан алып шыққан.

Жасөспірімдердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында алты күшік те аман қалған.

Полиция азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен өзара жанашырлығы түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге және олардың салдарының алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады.

Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.