1 қыркүйектен бастап Қазақстанда көліктерді елге заңсыз әкелуге тосқауыл қойылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет отырысында премьер-министр Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде, кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге 10 күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуға тиіс", - дейді премьер-министр Олжас Бектенов.
Ол кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер биыл 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілуге тиіс екенін ескертті.
"Қабылданып жатқан барлық шара бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бақылау мен үйлестіру Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевта", - деді премьер-министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2402230-1-qyrkuiekten-bastap-qazaqstanda-kolikterdi-elge-zangsyz-akeluge-tosqauyl-qoiylady/