jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақмола облысы "Кітап оқитын ұлт" жобасын іске асыруға қосылды

"Кітап оқитын ұлт"
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысында республикалық "Кітап оқитын ұлт" жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа облыс әкімдігі мен "Кітап оқитын ұлт – Читающая нация" қоғамдық қоры қол қойып, өңір тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға және оқырмандық белсенділікті арттыруға бағытталған өзара ынтымақтастықтың негізін қалады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қол қою рәсімі Достық үйінде өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының, кітапхана саласының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми қауымдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

"Кітап оқитын ұлт"
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев жобаның өңір үшін маңызына тоқталып, оның оқырман қоғамын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

"Кітап оқу мәдениетін дамыту – өңіріміздің болашағына салынған маңызды инвестиция. Бүгін біз мемлекет, білім беру жүйесі, кітапханалар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіріп, кітапты балалардың, жастардың және жалпы Ақмола облысы тұрғындарының өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат етіп отырмыз", – деді Досұлан Айтбаев.

"Кітап оқитын ұлт"
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

"Кітап оқитын ұлт – Читающая нация" қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сақошев жобаның тұжырымдамасын таныстырып, оны жүзеге асыру тетіктеріне тоқталды.

"Біздің мақсатымыз – кітап оқуды насихаттаумен ғана шектелмей, адамдарды кітап оқуға, оны талқылауға ынталандыратын және оқырмандық мәдениетті қалыптастыратын тұрақты жүйе құру. Ақмола облысы бұл жобаның белсенді қатысушыларының біріне айналады деп сенемін", – деді Аян Сақошев.

"Кітап оқитын ұлт"
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Кездесу барысында ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жобаны іске асырудың өзекті бағыттары талқыланды.

"Кітап оқитын ұлт"
Фото: Ақмола облысының білім басқармасы

Ақмола облысы "Кітап оқитын ұлт" жобасын іске асыруға қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.