jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

25 тамызда күшіне енеді: Алматыда электрсамокатты енді кез келген жерге қалдырып кете алмайсыз

Аялдама маңында тұрған электр самокат
Электр самокат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Электрсамокатты енді кез келген жерге қалдырып кете алмайсыз. Алматыда жалға берілетін қосдөңгелекті қозғалыс құралына арналған бірыңғай тұрақ жүйесі іске қосылмақ. Енді сапарды тек арнайы белгіленген орында ғана аяқтауға болады. Талап сақталмаса, жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"Тротуар кең болса да, адам көп өтетін, көп шоғырланған жерде орналасқан болса, онда ол тұрақтарды көрші жерге соғып, басқа орынға қойып, содан кейін 2200 тұрақтан тұратын орталықтандырылған картаны жинақтап, бүкіл төрт операторға карта таратылды. 2200 электрсамокат тұрағын өзіміз барып қарап, содан кейін ғана шешім шығардық", - дейді кикшеринг компаниясының өкілі Әлімхан Сансызбай.

Бұған дейін тұрақтың көптігі мен GPS жүйесіндегі ауытқудан пайдаланушылар самокатты қалаған жеріне қалдыра беретін. Соның кесірінен тротуарда бейберекет тұрған құрылғылар жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызды.

Енді қала бойынша 2200 арнайы виртуалды тұрақ белгіленді. Олар метро бекеттері, қоғамдық көлік аялдамалары, адам көп жүретін орындардың маңында орналасқан. Жаяу жүргіншілерге, баламен жүрген ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға да кедергі келтірмейтіндей етіп таңдалған.

Жаңа ереже 25 тамыздан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап Алматыда электрсамокатпен тротуарда жүруге де тыйым салынады.

"Карта бекітілгеннен кейін барлық кикшеринг компаниясы, оны өз мобильді қосымшаларына енгізді. Енді пайдаланушы қай компанияның самокатын таңдаса да, қосымшада бірдей тұрақ карта мен жалға беруді аяқтаудың ортақ ережелері көрсетіледі. Егер заңбұзушылық анықталса, тиісті жауапкершілік қарастырылады. Қажет болған жағдайда электр самокат арнайы айып тұрағына жеткізілуі мүмкін. Алдағы уақытта тұрақ орындарын көбейту немесе өзгерту мәселесі қаралады. Бұл ретте кикшеринг қызметтерінің статистикасы мен тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де ескеріледі", - дейді Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының өкілдері.

Дереккөз: "КТК" арнасы

25 тамызда күшіне енеді: Алматыда электрсамокатты енді кез келген жерге қалдырып кете алмайсыз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.