jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкентте аптап ыстық салдарынан электр желілеріне жүктеме бірнеше есе артты

Аптап ыстықта су ішіп тұрған қыз
Аптап ыстық. Иллюстрациялық фото: Rasid Necati Aslim/Anadolu via Getty Images

Шымкентте аптап ыстықтан электр желілеріне түсетін жүктеме бірнеше есе артты, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Энергия тұтыну көлемі көбейгендіктен апаттық ақаулар тіркеліп, арнайы бригадалар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 16 көше мен екі шағын ауданда жарық өшкен.

Желіге түскен жүктеме сағатына 200 мегаваттан 459 мегаватқа дейін артқан. Қазір мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, ақауды кезең-кезеңімен жойып жатыр. Мегаполисте электр желілерінің 57 проценті тозған.

"Электр энергиясын тұтыну көлемі осы шілде айында жаз мезгілінде артады және қыс мезгілінде өзінің артатын уақыты болады. Әр үйде салқындатқыш, мұздатқыштардың көбеюіне байланысты және де қыс мезгілінде жылыту көбеюіне байланысты. Қазіргі таңда ақаулар кезең-кезеңімен жойылып, электрмен жабдықтау қалпына келтірілді", - дейді "Оңтүстік жарық транзит" мекемесінің техникалық директор орынбасары Нұрмұхамед Қарабеков.

Шымкентте аптап ыстық салдарынан электр желілеріне жүктеме бірнеше есе артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.