jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстандықтар верификацияланбаған телефонды дүкенде ауыстыра ала ма

Смартфон
Смартфон. Иллюстрациялық фото: dikushin/iStock /Getty Images Plus

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтар верификацияланбаған телефонды дүкенде ауыстыра алатын-алмайтыны жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда 2025 жылдан бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауға қатысты талаптар енгізілді.

Бұл бастама елімізде жасалған немесе сырттан әкелінген құрылғылардың Қазақстанның ұялы байланыс желілерінде пайдаланылуының заңдылығын растауға бағытталған.

2026 жылғы 19 маусымда мемлекет басшысы "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Заңына қол қойды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес верификациялаудан өтпеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары енді тиісті емес сападағы тауарлар ретінде жіктеледі.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Заңының 15-бабына сәйкес, мұндай құрылғыны сатып алған тұтынушы өз таңдауы бойынша:

  • сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
  • тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
  • тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
  • соған ұқсас маркалы (модельді, артикулды) тауарға ауыстыруды;
  • сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулды) сондай тауарға ауыстыруды;
  • шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Алайда, тұтынушы бұл талаптарды тек сатушыға ғана қоя алады.

Сондай-ақ Заңмен сатушының тауардың тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеріне қатысты қосымша талап енгізілді. Енді ол ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сату кезінде верификациялау мәртебесін тексеру үшін тұтынушыға осы тауардың сәйкестендіру кодын беруге міндетті болады.

Тиісті өзгерістер "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Заңына да енгізілді. Заң Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен верификациялаудан өтпеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сатуға тыйым салады.

Сатушы мұндай тауарды өткізгенге дейін сәйкестендіру кодтарының дерекқоры арқылы өткізілетін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының тиісті сәйкестендіру кодтарын шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғы тұрғысынан тексеруге міндетті.

Осы талап электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде де сақталуға тиіс.

Қазақстандықтар верификацияланбаған телефонды дүкенде ауыстыра ала ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.