jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба табылды

Табылған сирек қолжазба
Табылған сирек қолжазба. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ресей мемлекеттік кітапханасынан бұған дейін ғылыми ортада аса мәлім болмаған XVII ғасырдағы сирек қолжазба табылды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәскеуден табылған XVII ғасырдағы бұл сирек қолжазба Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған. Тарихи жәдігерді "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары анықтаған.

"Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин" ("Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі") атты еңбек Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылды. Бұхарада жазылған бұл туынды – Ясауи мектебінің тарихын танытатын маңызды жазба дереккөздердің бірі", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қолжазбада сопылық ілім, жария зікір дәстүрі және рухани сабақтастық мәселелері сөз болады.

"Аталмыш еңбекте Қожа Ахмет Ясауиден, Хакім ата мен Зеңгі атадан бастау алатын және тариқаттың кейінгі өкілдеріне дейін жалғасқан рухани шежіре жөнінде құнды мәлімет қамтылған", - делінген хабарламада.

Бүгінде мамандар қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта оның мәтіні белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық талдау жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелері ғылыми айналымға енгізілмек.

Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.