jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті
Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", - деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті
Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады.

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті
Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі.

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті
Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті
Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облысында газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.