Астанада алғаш рет әуе таксиі таныстырылды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада әуе таксиі таныстырылды: ұйымдастырушылар аппараттың қалай ұшатынын көрсетіп, оның ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистерге тік ұшып-қонатын электрлі әуе кемесінің – eVTOL-дың мүмкіндіктері таныстырылды.
Таныстыру кезінде атап өтілгендей, бұл аппарат бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған.
Alatau City қалалық аэротакси жобасы өкілдерінің мәліметінше, тік ұшып-қонатын AutoFlight Prosperity электрлі әуе көлігі (eVTOL) сағатына 200 км-ге дейін жылдамдықпен ұшып, 200 км-ге дейінгі қашықтықты еңсере алады.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында әуе таксиімен жол жүру құны қанша тұруы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, дронмен ұшу уақыт өте келе қолжетімді болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2403575-astanada-algash-ret-aerotaksi-tanystyryldy-video/
