Тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қазгидромет" РМК тамыз айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алдын ала болжам бойынша тамызда мына өңірлерде атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
- Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда және Жәнібек аудандарында;
- Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысы Құрманғазы ауданында;
- Жетісу облысының Алакөл және Ақсу аудандарында;
- Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында;
- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандарында;
- Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев және Есіл аудандарында және Қостанай облысының Ұзынкөл және Қамысты аудандарында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.
Қазақстанның қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2403647-qazaqstannyng-birneshe-ongirinde-quangshylyq-boluy-mumkin/
