jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда жақында жойқын жер сілкінісі болатыны рас па: сейсмологтар жауабы

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми орталығының сейсмологтары Қазақстанда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады деген әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және интернет ресурстарында Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр.

"Алматыда жер сілкінісінің жақындағанын көрсететін сейсмикалық режимнің ауытқуы тіркелген жоқ. Бүгінде заманауи ғылым болашақ жер асты дүмпулерінің нақты күнін, уақытын, орны мен күшін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді.

Десе де алдын ала дайын болу – қауіпсіздіктің маңызды шарасы: дабыл сөмкесін жинау, үй-жайдағы қауіпсіз орындарды анықтау және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін жақындармен алдын ала талқылау қажет", - делінген әкімдік ұсынған Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәлімдемесінде.

Оңтүстік астанада халықты жойқын жер сілкінісі туралы ертерек ескертудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда барлық 40 орналастыру нүктесінің координаттары анықталып, 35 сейсмикалық станция салынды.

"Орнату орындары геологиялық, геофизикалық және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып белгіленді. Сонымен қатар объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін тұрақты жер пайдалану құқығы негізінде ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа станцияларды қолданыстағы сейсмикалық бақылау желісімен біріктіру жоспарланып отыр. Бұл мониторинг ауқымын кеңейтуге және жойқын жер сілкіністері туралы деректерді жедел алуға мүмкіндік береді", - деп нақтылады Алматының Мобилизациялық даярлық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы.

Басқарма атап өткендей, 2025 жылдан бастап жер сілкінісін ерте анықтайтын 70 автоматтандырылған станцияны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Алматының айналасындағы Алматы облысының аумағында 65 станция салынды. Қалған бес станцияның құрылысын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Одан кейін барлық жаңа станция ертерек ескертудің автоматтандырылған жүйесінің 28 қолданыстағы станциясымен біріктіріледі.

Халықты шұғыл хабардар ету үшін Mass Alert жүйесін іске асыру да жалғасын табуда.

"Қалада Алматы агломерациясының сейсмогеодинамикалық жағдайын зерттеу бойынша үш жылдық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оның аясында тектоникалық жарылымдардың цифрлық картасы, сейсмикалық модель және геодинамикалық белсенділік аймақтарының картасы әзірленіп, жер бетінің ығысуы мен деформациясы бағалануда", - деп қосты басқарма өкілдері.

Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жүргізілген ғимараттарды паспорттау қорытындысы бойынша дайындалған Алматының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарының сейсмикалық төзімділігін арттыру жөніндегі 2026-2035 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді.

Қазақстанда жақында жойқын жер сілкінісі болатыны рас па: сейсмологтар жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.