Төле би көшесін ұзарту: Алматыда тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 24 шілде сағат 23:00-ден 26 шілде сағат 15:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машанов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық жабылады.
"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Құлжа тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылатынын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2403904-tole-bi-koshesin-uzartu-almatyda-tagy-bir-koshede-kolik-qozgalysy-uaqytsha-shekteledi/
