jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Шымкентте сел жүру қаупі сейілді

Тасқын
Шымкент. Кадр: YouTube / KhabarNEWS

Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында таудан аққан тасқын салдары жойылып жатыр. Толассыз жауыннан кейін бірнеше көше мен жеті үйдің ауласын су басқан, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Енді табиғи апатқа тосқауыл болған негізгі каналдың жағалауын нығайтып, арнасын бетондауға дайындық басталды. Асау судың арыны басылды. Елтай тұрғын алабында толассыз жауыннан кейін бірнеше көшені су шайып, жеті үйдің ауласына жайылды. Түн ішінде әбігерге түскен жұрт жыл сайын тасқыннан зардап шегетінін айтады. Абырой болғанда бұл жолы адамдар аман, шығын жоқ.

"Үлкен-үлкен тастарды ағызып келді. Асфальтті де көтеріп жіберді. Оңай емес қой енді. Білмеймін жауынның сызығы осы төңіректен өтіп жатыр ғой. Әр жылы әр түрлі. Бірақ үнемі болып тұрады. Әйтеуір біздің үйімізге кірмеді. Адам шығыны жоқ. Шүкір", - дейді Елтай тұрғын алабының тұрғыны Жарылқап Түймебаев.

Сел қаупін сейілтуге жүзге тарта маман жұмылдырылды. Арнайы техникалардың көмегімен ауладағы суды тазалау жұмыстары жүргізіліп, ернеуінен асқан негізгі каналдың жағалауы нығайтылып жатыр. Осыдан кейін оның табаны тереңдетіліп, арнасы қайта бетондалмақ. Қыр-сайдан аққан нөсер суы Елтайдағы басты көшені де шайып өтті.

Қазір оқиға орнында коммуналдық қызметтердің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар жолды лай-батпақтан тазартып, көлік қозғалысын қалпына келтіруге күш салуда. Қалада гидротехникалық инфрақұрылымды жаңғырту арқылы қауіпсіздікті арттыруға көңіл бөлінді.

Зерделеу нәтижесінен кейін Еңбекші ауданының өзінде 52 су көлдеу учаскесі анықталды. Қазір мұнда жаңадан ирригациялық жүйелер салу мен су ағысын бұру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

"Нөсер жаңбыр жауғанда көлдейтін 57 мекенжай анықталған. 3 жылда осы 57 мекенжайды толық ирригациялық арықтар салып, су көлдеу орындарын алдын алу жұмыстары жүргізілді. Тағы зерделеудің нәтижесінде бізге қажетті 52 мекенжай анықталып отыр. Тасқынның алдын алу шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де жұмылдырылды. Құтқарушылар арық-атыздар мен каналдардың өткізу қабілетіне мониторинг жүргізіп, 11 учаскеде су басу қаупі жоғары екенін анықтады. Енді қауіп-қатерді жоюға арнайы ұсыныс берілетін болады", - дейді Еңбекші ауданының әкімі Досбек Есілбек.

Авторлар: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов

Шымкентте сел жүру қаупі сейілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.